Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов бірге жаттығып жүр

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов бірге жаттығып жүр
Фото ©️ ©IBA

Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Оған үш құраманың үздік боксшылары қатысуда. 

БӨЛІСУ

Өзбекстан құрамасының бас жаттықтырушысы Түлкін Киличев жаттығу жиындарынан видео жариялады. Онда әуесқой бокстағы ауыр салмақ көшбасшылары Баходир Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың бірге "жекпе-жек" өткізіп жатқанын байқауға болады. Жарыстарда бір-біріне басты қарсылас саналатын боксшылар жаттығу кезінде дайындықтарын шыңдап жүр. 

Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген. 

Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!