"Түріктен шыққан Месси" Роналдудың рекордын жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Түріктен шыққан Месси" Роналдудың рекордын жаңартты
Фото ©️ ©x.com/EURO2024

Футболдан Еуропа чемпионатында түрік футболшысы Арда Гүлер әйгілі Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты. Ол жарыстағы дебюттік кездесуінде гол соққан ең жас ойыншы атанды. 

БӨЛІСУ

Түріктің талантты футболшысы 19 жас, 114 күн толғанда тамаша гол соқты. Оның алыстан шиіре тепкен добын Грузия құрамасының қақпашысы Гиоргий Мамардашвили қайтара алмады. Бұл кездесуде Арда Гүлер үздік ойыншы марапатына да ие болды. 

Ал Роналду 2004 жылы алғашқы голын соққанда 19 жас, 128 күн толған шағы еді.

Арданы жанкүйерлер мен кей спорт сарапшылары түріктерден шыққан Месси деп те атайды.