Португалияны пенальти сериясында ұтқан Франция жартылай финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Португалияны пенальти сериясында ұтқан Франция жартылай финалға шықты
Фото ©️ twitter.com/EURO2024

Футболдан Франция ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ойын соңындағы пенальти сериясында Португалияны ұтып кетті. 

БӨЛІСУ

Ойынның негізгі уақыты мен экстра-таймда да гол соғылған жоқ. Португалия құрамасы ойында басым болғанмен, Франция қақпасына доп енгізе алмады. Француздар қарымта шабуылда ширақ болғанмен, есепті өзгерте алмады. 

Ойын соңындағы пенальти сериясында Франция 5:4 есебімен жеңіске жетті. Португалия құрамасы сапында Жоау Феликс мүлт кетті. 

Франция құрамасы жартылай финалда Испаниямен кездеседі.