Футболдан Еуропа чемпионатының финалында Англия мен Испания кездеседі

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Футболдан Еуропа чемпионатының финалында Англия мен Испания кездеседі
Фото ©️ championat.com

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші құрама анықталды. Англия жартылай финалда Нидерланд құрамасын ұтып, екінші жолдаманы иеленді. 

БӨЛІСУ

Дортмундта өткен ойында ағылшындар камбек жасады. Бірінші болып 7-минутта Хави Симонс есеп ашты. Оның алыстан тепкен добын Пикфорд қайтарып үлгермеді. 

Араға 10 минут салып, Англия құрамасы пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Команда капитаны Харри Кейн 11 метрлік соққыны сәтті орындап, есепті теңестірді. 

Ағылшындар жеңіс голын ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда соқты. Екінші таймда Кейннің орнына алаңға шыққан Олли Уоткинс гол соғып, командасын финалға алып шықты. 

Англия ұлттық құрамасы екінші Еуропа чемпионаты қатарынан финалға шығып отыр. Шешуші ойында Испания құрамасымен кездеседі.