Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама анықталды

Футболдан Испания ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Олар жартылай финалда Франция құрамасын жарыс жолынан шығарды. 

БӨЛІСУ

Испания мен Франция құрамалары арасындағы ойын тартысқа толы болды. Жанкүйерлер бірінші таймның өзінде-ақ үш гол көрді. Алаңға маскасыз шыққан Килиан Мбаппе нәтижелі пас беріп, Коло Муани баспен гол соқты. Нәтижесінде француздарды алға шығарды. 

21-минутта Ламин Ямаль алыстан шиіре теуіп гол соғып, таразы басын теңестірді. Еуропа чемпионаты тарихында гол соққан ең жас ойыншы рекордын жаңартты

Бірінші тайм аяқталғанға дейін "қызыл фурия" есепті теңестіріп қана қоймай, екінші голын да соқты. Дани Ольмо осы Еуропа чемпионатындағы үшінші голын соғып, мергендер тізіміне ілікті. 

Екінші таймда құрамалар есепті өзгерте алған жоқ. 2:1 есебі сақталып, "қызыл фурия" финалға жолдама алды.

Финалға шыққан екінші құрама ертең Англия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойыннан кейін анықталады.