Opta суперкомпьютері футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы ойындарға болжам жасады. Қай құрамалар фаворит екенін анықтап, ширек финалға шығу мүмкіндігін көрсетті.
Швейцария мен Италия құрамалары арасындағы ойында қазіргі Еуропа чемпиондарын сүрінеді деп санайды. Бұл ойында Якин жаттықтыратын швейцариялықтар ширек финалға шығады деп болжаған.
• Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды
Өзге ойындарда Германия, Португалия, Нидерланд, Англия құрамалары ширек финалға сүрінбей өтеді деп көрсеткен. Австрия құрамасы Түркияны жарыс жолынан шығарады деп саралайды.
1/8 финалдағы басты ойынның бірі Франция мен Бельгия арасында өтеді. Бұл жұпта ширек финалға француздардың шығу мүмкіндігін жоғары бағалайды.
Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 14 шілдеге дейін жалғасады. Финалда Берлиндегі Олимпиадалық стадионда өтеді.