Англия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Англия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Футболдан Англия ұлттық құрамасы Германиядағы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалда Швейцарияны пенальти сериясында ұтып шықты. 

БӨЛІСУ

Дюссельдорфта өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. Бірінші болып 75-минутта Эмболо гол соғып, Швейцарияны алға шығарды.

Араға 5 минут сала Букайо Сака таразы басын теңестірді. Оның алыстан тепкен добын Ян Зоммер қайтара алмады. 

Экстра-таймда құрамалар есепті өзгерте алған жоқ. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында ағылшындардың бағы жанды. 5:3 есебімен жеңіске жеткен Англия жартылай финалға шықты. 

Гарет Саутгейт командасы жартылай финалда Нидерланд – Түркия кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.