Еуропа чемпионатының финалына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа чемпионатының финалына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды
Фото ©️ iz.ru

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды. Испания мен Англия арасында өтетін шешуші ойынға Франсуа Летексье бастаған француз төрешілері қазылық жасайды. 

БӨЛІСУ

Франсуаға алаң жиегінде Сирил Мюнье мен Мехди Рахмуни көмектеседі. Ал төртінші арбитр қызметін поляк Шимон Марчиняк атқарады. Жером Бризар бас төрешінің VAR жүйесіндегі көмекшісі болады. 

Француз маманы бастаған төрешілер бұған дейін топтық кезеңде Дания - Сербия және Хорватия - Албания ойындарына, 1/8 финалда Испания - Грузия кездесуіне төрелік жасаған.