Нидерланд Еуро-2024-те сенсация жасаған құраманы тас-талқан етті

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Нидерланд Еуро-2024-те сенсация жасаған құраманы тас-талқан етті
Фото ©️ x.com/EURO2024

Румыния мен Нидерланд құрамалары Еуро-2024 1/8 финалында ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Мюнхендегі кездесуде үш гол соғылды.

Нидерланд құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо 20-минутта Флорин Ницэнің қақпасынан саңылау тауып, гол саны бойынша осы турнирдегі бомбардирлер Джамал Мусиала (Германия), Иван Шранц (Словакия) және Джордж Микаутадземен (Грузия) теңесті. Бәрі үш голдан соққан.

63-минутта Гакпоның жеке есебін алға шығаруға мүмкіндігі болған еді, бірақ офсайдқа байланысты голы есептелмей қалды.

Алайда "қызғылт сарылар" 83-минутта Дониэлл Мален гол соққанда дегеніне жетті.

Қосымша уақытта қарсы шабуылға шыққан Мален бұл кездесудің нүктесін қойды – 3:0.

Ширек финалда Рональд Куманның командасы Аустрия мен Түркия арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Бұл ойын бүгін өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.

Еске салайық, Румыния құрамасы Бельгия, Словакия және Украина командалары бар топта бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне сенсация жасап шыққан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!