Франция Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Франция Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты
Фото ©️ ©x.com/EURO2024

Футболдан Франция ұлттық құрамасы 1/8 финалда Бельгияны ұтып, ширек финалға шықты. Дюссельдорфта өткен ойында 1:0 есебі тіркелді. 

БӨЛІСУ

Ойындағы жалғыз гол 85-минутта соғылды. Коло-Муанидің айнала тепкен добы Ян Вертонгеннің аяғына тиіп, қақпа торында тулады. Бұл биылғы Еуропа чемпионатында соғылған 9-шы автогол. 

Франция ширек финалда Португалия – Словения арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.