Украина құрамасы Еуропа чемпионатын топтық кезеңде аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Украина құрамасы Еуропа чемпионатын топтық кезеңде аяқтады

Футболдан Еуропа чемпионатының "Е" тобындағы ойындар аяқталды. Соңғы турдағы екі ойын да тең нәтижемен аяқталды. 

БӨЛІСУ

Штутгартта Украина мен Бельгия ойыны да тең нәтижемен бітті. Бұл кездесуде командалар гол соға алған жоқ. Нәтижесінде украиндар жарысты топтық кезеңде аяқтады. 

Франкфуртте өткен Румыния мен Словакия арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Тең нәтиже екі құраманы да қанағаттандыратын. 24-минутта Дуда румындарды алға шығарған. 37-минутта Разван Марин пенальтиден есепті теңестірді. 

Топтық кезең қорытындысы бойынша Румыния "Е" тобының көшін бастады. Бельгия екінші орын алса, үшінші орынды словактар еншіледі. 

1/8 финалда Бельгия Францияға қарсылас атанды.