Еуро - 2024. Қазақстанмен бір топта болған Словения екінші ұпайын еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуро - 2024. Қазақстанмен бір топта болған Словения екінші ұпайын еншіледі
Фото ©️ UEFA EURO 2024

Еуропа чемпионатындағы Словения мен Сербия құрамалары арасындағы ойын аяқталды. "С" тобындағы бұл кездесуде 1:1 есебі тіркелді. 

БӨЛІСУ

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. Бірінші болып 69-минутта Зан Корничник Словения құрамасын алға шығарды. 

Ойынның аяқталуына санаулы секунд қалғанда сербтер есепті теңестіріп, маңызды ұпайға қол жеткізді. Бұрыштамадан асырылған допты Лука Йович баспен ұрып, қақпа торынды тулатты. Осылайша есеп 1:1 нәтижесімен аяқталып, құрамалар бір-бір ұпайдан бөлісті. 

1-турда Словения Даниямен тең түскен еді (1:1). Ал сербтер 1:0 есебімен ағылшындарға жол берген болатын. 

Словения іріктеуде Қазақстанмен бір топта болды. Екі ойында да отандастарымыздан айласын асырып, негізгі кезеңге жолдама алып кеткен еді.