Франция құрамасы жеңіске жеткен ойында Мбаппенің мұрны сынды

О Сансызбай Корреспондент
Франция құрамасы жеңіске жеткен ойында Мбаппенің мұрны сынды

"D" тобындағы бірінші ойында Франция құрамасы Австрияны ұтты. Ойындағы жалғыз голды 38-минутта Максимилиан Вебер өз қақпасына соғып алды. 

БӨЛІСУ

Дюсселдорфтағы ойын француз шабуылшысы Килиан Мбаппе үшін сәтті бола қоймады. Гол соғылар сәтте септігі тигенмен, екінші таймда өзіне берілген тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал ойын аяқталар тұста шабуылшы жарақат алып, мұрны қисайғаны байқалды. Кейіннен медициналық сараптамадан нәтижесінде Мбаппенің келесі ойынға қатыса алатыны белгілі болды. 

Бұл топтағы бірінші ойында Нидерланд құрамасы Польшаны 2:1 есебімен ұтқан еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!