Германия құрамасы өз жеріндегі жарысты жарқын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Германия құрамасы өз жеріндегі жарысты жарқын жеңіспен бастады

Футболдан Еуропа чемпионаты басталды. Жарыстағы бірінші ойында Германия құрамасы Шотландияны 5:1 есебімен ойсырата ұтып, өз жанкүйерлеріне жарқын жеңіс сыйлады. 

БӨЛІСУ

Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өткен ойында бірінші голды Флориан Вирц соқты. Ол 10-шы минутта-ақ командасын алға шығарды. Бірінші тайм аяқталғанға дейін Германия құрамасы тағы екі гол соғып үлгерді. Джамал Мусиала мен Кай Хаверц бір-бір голдан еншісіне жазып шықты. Сондай-ақ Шотландия құрамасы бірінші таймды он футболшымен аяқтады. 44-минутта Райан Портеус алаңнан қуылды. 

Екінші таймда Юлиан Нагельсман командасы тағы үш гол соқты. Оның бірі – автогол. Николас Фулькруг пен Эмре Джан бір-бір голдан соқса, Антонио Рюдигер өз қақпасына гол соғып алды. 

Ойында Германия құрамасының ойыншысы Джамаль Мусиала үздік атанды.

"А" тобындағы екінші ойын бүгін Венгрия мен Швейцария құрамалары арасында өтеді. Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 18:00-де басталады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз