Еуропа чемпионатының бірінші ойынына кім төрешілік жасайтыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Еуропа чемпионатының бірінші ойынына кім төрешілік жасайтыны белгілі болды
Фото ©️ twitter.yandex.com.tr

Екі күннен кейін футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Германия мен Шотландия арасында өтетін бірінші ойынға француз Клеман Тюрпен қазылық жасайды.

БӨЛІСУ

Бас төрешіге алаң жиегінде отандастары Николь Дано мен Бенжамин Паже көмектеседі. Ал VAR төрешісі ретінде Жером Бразер бекітілген. 

Еуропа чемпионатында төрешімен тек команда капитандары ғана сөйлесе алады. Өзге ойыншылар сөз таластырған жағдайда бірден сары қағаз алатын болады.

Айта кетейік, Еуро-2024 додасы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. 

Осыған дейін Opta суперкомпьютері чемпион атануға мүмкіндігі жоғары құрамалар рейтингін жариялады. Олардың зерттеуі бойынша Англия мен Франция құрамалары басты фаворит саналып тұр.