Испанияның Еуропа чемпионатына баратын құрамы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
 Испанияның Еуропа чемпионатына баратын құрамы анықталды
Фото ©️ Mundo Deportivo

Футболдан Испания құрамасының Еуропа чемпионатына қатысатын құрамы анықталды. Бас жаттықтырушы Де ла Фуэнте Кастильо тізіміне енген футболшылар қарт құрлықтың басты додасында бақ сынайды. 

БӨЛІСУ

Испания құрамасы "В" тобында Италия, Хорватия және Албанияға қарсы ойнайды.  Осыған дейін Италияның құрамы белгілі болған еді.

Қақпашылар: Унай Симон ("Атлетик"), Давид Райя ("Арсенал"), Алекс Ремиро ("Реал Сосьедад").

Қорғаушылар: Дани Карвахаль ("Реал" Мадрид), Хесус Навас ("Севилья"), Эмерик Лапорт ("Аль-Наср"), Робен Ле Норман ("Реал Сосьедад"), Дани Вивиан ("Атлетик"), Алехандро Гримальдо ("Байер"), Начо Фернандес ("Реал" Мадрид), Марк Кукурелья ("Челси").

Жартылай қорғаушылар: Родриго Эрнандес ("Манчестер Сити"), Мартин Субименди, Микель Мерино (оба – "Реал Сосьедад"), Фабиан Руис ("ПСЖ"), Алекс Баэна ("Вильярреал"), Педри ("Барселона"), Фермин Лопес ("Барселона").

Шабуылшылар: Ламин Ямал ("Барселона"), Нико Уильямс ("Атлетик"), Дани Ольмо ("РБ Лейпциг"), Микель Оярсабаль ("Реал Сосьедад"), Хоселу ("Реал"), Альваро Мората ("Атлетико" Мадрид), Ферран Торрес ("Барселона"), Айосе Перес ("Бетис").

 Айта кетейік Еуро-2024 додасы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. 

Осыған дейін Opta суперкомпьютері чемпион атануға мүмкіндігі жоғары құрамалар рейтингін жариялады. Олардың зерттеуі бойынша Англия мен Франция құрамалары басты фаворит саналып тұр. 

book парақшамызға жазылыңыз!