Яо Мин саяси кеңестің мүшесі болды
Қытайлық баскетбол шебері Яо Мин Қытай үкіметі саяси кеңестің мүшесі болды. Ол бұл саяси сахнаға Шаңхай қаласының өкілі ретінде шығып отыр. 2002 жылдан 2011 жылға дейін АҚШ-тың Хьюстон «Ракета» командасында ойнаған болатын. Баскетбол спортында жұлдыздай жарқыраған бұл еңсегей бойлы азамат өз отанына оралғалы жылдан асқан болатын.