Мексикада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Зулфия Ғабидуллина 50 метрге еркін әдіспен жүзуде үздік шықты. Жарыстың бесінші күні қазақстандық спортшылар 3 медаль жеңіп алды. Зулфия (42.87) алтын жүлдені иеленсе, Әнуар Ахметов (1:12.09) пен Андрей Афанасьев (1:14.82) 100 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс және қола медальды еншіледі. Осыған дейін Мексикадағы жарыста ел Паралимпиада спорты тарихында алғаш болып Наталья Звягинцева жеңіс тұғырынан көрінген еді. Сондай-ақ Роман Агалаков пен Зулфия Ғабидуллинаның еншілерінде бір-бір күміс жүлдеден бар. Айта кетейік, Зулфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарында 100 метрге еркін әдіспен жүзуде жеңімпаз атанып, Қазақстанның тарихи жеңісіне қол жеткізген еді. Сонымен қатар Зульфияға Халықаралық Паралимпиада комитетінен 2017 жылғы Бүкіләлемдік жеңістер сериясы үшін арнайы награда табысталды.