«Зенит» жанкүйерлері неміс Туын алаңда өртеп жіберді
Бұл жағдайды еуропалық ақпарат құралдары Қырымдағы саяси жағдаймен байланыстыра жазуда. Саясаттың салқыны футболды да айналып өте алмады деген ойлар айтылуда. Осыған дейін Еуропарламент бундеслигада ресейлік "Газпром" компаниясы демеушілік ететін "Шальке" командасының жейдесінен компанияның жарнамалық жазуын алып тастауды өтінген болатын. Алайда гельзенкирхендік команда келісімшартты бұза алмайтынын айтып ақталған еді. УЕФА ресми демеушілерінің бірі саналатын «Газпроммен» жасалған келісімшартын бұзатынын да жеткізген-ді. Сонымен қатар, 2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатын өзге елге ауыстыруға да талпынып көретіндіктерін мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетсек, аталған оқиға орын алған кездесуде «Боруссия» «Зениттен» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport.news.am