Зарина Дияс Страсбургтегі жарыстың екінші айналымына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ internationaux-strasbourg.fr

WTA рейтингінде 93-орында тұрған қазақстандық теннисші бірінші сетте қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді. Екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. Шешуші сетте ширақ ойнаған Зарина Шелбиді 6:4 есебімен ұтып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

22 жастағы Зарина Дияс екінші кезеңде ресейлік теннисші Алла Кудрявцевамен ойнайды.

Страсбургтегі жарысқа Заринамен бірге Ярослава Шведова да аттанған болатын. Ол бірінші айналымда француз Вирджина Радзанодан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама