Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

Қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымынан өтіп, екінші айналымда бельгиялық Элисон ван Эйтванкке қарсы өнер көрсетті. Екінші айналымның жүлде қоры 60 мың доллар болды. Осымен, Заринаның жүлде қоры 1 миллион 46 мың долларға жетті.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирін екінші айналымнан тоқтатты. Қытайлық И Фань Сюй екеуі австралиялық Анастасия және Арина Родионовалардан жеңіліп қалды. Матч 7:6, 3:6, 6:7 есебімен австралиялықтардың пайдасына шешілді. Жекелей өнер көрсетуден Зарина бельгиялық Алисон Ван Эйтванктан жеңіліп қалған болатын. Айта кетейік, ол турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық Германиядан келген Дина Пфиценмайерді жеңді. Матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама