Зарина Дияс Жапониядағы ITF турнирінде топ жарды
Финалда отандасымыз қытайлық Тайбэй теннисшісі Ен-Шуо Ляннан басым түсті. Бірінші сетте қарсыласына бірде-бір геймде жеңілген жоқ. Екінші сетті 6:2 есебімен аяқтады.
Бұл Заринаның өз мансабындағы тоғызыншы жеңісі. Жапониядағы жарыс барысында қазақстандық спортшы АҚШ, Қытай, Жапония және Австралия елінің теннисшілерін ұтты.