Зарина Дияс Хобарттағы турнирдің бірінші айналымынан аса алмады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ alaman.kz

Камила Джорджи WTA рейтингінде 35-орында. Зарина болса 52-ші орында келеді.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте қарсыласына 4:6 есебімен есе жіберіп, екінші сетті 6:1 есебімен жеңіске жете білді. Үшінші сетте отандасымыз 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Зарина Дияс жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

Айта кетейік, осыған дейін Зарина Дияс Қытайдағы «Shenzhen Open» халықаралық турниріне қатысып, екінші айналымда чех теннисшісі Катерина Синяковадан жеңіліп қалған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама