Зарина Дияс WTA рейтингінде 74 орын жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com

Зарина Диястың 74 орын алға жоғарылауы жайдан-жай емес. Отандасымыз кеше жүлде қоры 100 000 доллар саналатын Манчестердегі (Ұлыбритания) халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын. Финалда серб теннисшісі Александр Круничті екі сетте де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жаңарған рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 42-орыннан 44-ке түскен. Ал Ярослава Шведова 47-ден 48-орынға сырғыған.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама