Зарина Дияс WTA рейтингінде 264 саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ depositphotos.com/jctabb

Зарина алғашқы ойында тай қызы Мананчае Савангкаевты, одан кейін америкалық Сачия Викериді ұтты. Алайда іріктеудің финалында қытайлық Чжу Сян Байға жол беріп алды. 

Екі бірдей сенсациялық жеңісінің нәтижесінде қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 264 саты жоғарылап, 702-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биылғы "Уимблдон" жарысында чех спортшысы Барбора Крейчикова чемпион атанды. Ол жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтып, финалға шыққан еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама