Зарина Диас «Уимблдонның» үшінші кезеңіне өтті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ tennisforum.com

Зарина Диас бірінші кезеңде Италия елінің теннисшісі Флавия Пеннеттаны жеңген болатын. Екінші кезеңде отандасымызға Беларусь елінің теннисшісі Александра Соснович қарсылас атанды. Бірінші сетте Зарина Александраны 7:5 есебімен жеңіп шықса, екінші сетті 6:1 есебімен аяқтады. Бес рет эйс орындап, бір соққысында ғана екі рет қатарынан қателесті.

Кезесу статистикасы

Қазақстандық теннисші енді 1/16 финалда Андреа Петкович (Германия) - Мариана Дуке-Марино (Колумбия) арасындағы кездесуде жеңіске жеткен теннисшімен кездеседі.

Айта кетейік, «Уимблдонның» екінші кезеңіне қазақстандық Юлия Путинцева да өткен болатын. Ол 1/16 финалға шығу үшін америкалық Винус Уильямспен кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов жекелей сындағы жарыстарын аяқтап үлгерді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама