Зарина Диас ширек финалға өтті

О Сансызбай Корреспондент

Алғашқы айналымда Зарина әлемнің 22-ші ракеткасы саналатын бельгиялық Кирстен Флипкенсті жеңген болатын. Екінші айналымда WTA рейтингінде 71-ші орында тұрған Айло Томляновичпен жолы түйісті. Алғашқы сетте 20 жастағы теннисшіміз 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетті де басымдықпен бастады. 3:0 есебімен жеңіп тұрып, аздап босаңсыған Зарина қарсыластың есепті теңестіруіне жол беріп қойды. Нәтижесінде тай-брейк тартысында жерлесіміз 7:4 есебімен қарсыласына басымдығын танытты. Әзірге, соңғы жаңарған WTA рейтингінде қазақстандық теннисші 96-шы орында келеді. Енді ширек финалда америкалық теннисші Кристина МакХэйлмен кездесетін болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама