Зарина Диас Осакадағы турнирдің финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент

Жартылай финалда жерлесіміз таиландтық Луксик Кумхумды жеңді. Бірінші сетте еш қиындықсыз 6:2 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте 7:5 есебі отандасымыздың пайдасына шешілді. Енді Зарина финалда аустралиялық теннисші Саманта Стросурмен кездеседі. Ол жартылай финалда украиналық теннисші Елена Свитолинаны жеңді.

Зарина Диастың еншісінде Осака турниріндегі нәтижесі бойынша 180 ұпай мен 21 400 АҚШ доллары көлемінде сыйақы бар. Егер финалда жеңіс тұғырынан көрініп жатса, бұл көрсеткіш әлі де өзгеретін болады. Финалдық кездесу ертең өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Зарина Диас жанкүйерлерінің қолдауымен Сингапурда өтетін WTA Rising Stars жарысына таңдап алынған болатын. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте 37-ші орында келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама