Зарина Диас Ноттингем турнирінің ширек финалына өтті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Жиырма жастағы қазақ қызы екінші кезеңде турнирдің бесінші нөмірлі теннисшісі, жиырма төрт жастағы ұлыбританиялық Наоми Броудиден басым түсті. Есеп - 7:5, 3:6, 6:2. Зарина бүгінде әлемнің 86-шы ракеткасы саналса, ұлыбританиялық теннисші Наоми Броуди WTA рейтингінде 163-ші орында келеді. Бүгінгі кездесуден кейін екі теннисшінің өзара қарсы ойындары 1:1 болды. 

Зарина енді жартылай финал үшін айқаста жиырма екі жастағы америкалық теннисші Мелани Одинмен күш сынасады. Мелани Один WTA рейтингінде 161-ші орында тұр. Ол екінші кезеңде жапониялық теннисші Аюми Моританы 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірген болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас бірінші кезеңде австралиялық теннисші Оливия Роговскадан 6:2, 3:6, 6:0 есебімен басым түскен еді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама