Зарина Диас Ноттингем турнирінің финалында сүрінді
Жиырма жастағы қазақ қызы финалда чехиялық теннисші Кристина Плишковамен кездескен болатын. Бірінші сетте 6:2 есебімен чехиялық теннисші басым түсті. Намысқа тырысқан Зарина екінші сетті 6:3 есебімен өз пайдасына шешті. Алайда шешуші сетте чехиялық теннисші Кристина Плишкова 6:4 есебімен жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды.
Зарина жартылай финалда португалиялық теннисші Мишель Ларшер де Бритуді 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірген еді.
Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас бірінші кезеңде австралиялық теннисші Оливия Роговскадан 6:2, 3:6, 6:0 есебімен басым түсті. Ал екінші кезеңде жиырма төрт жастағы ұлыбританиялық теннисші Наоми Броудиден айласын асырды. Есеп - 7:5, 3:6, 6:2. Жерлесіміз ширек финалда жиырма екі жастағы америкалық теннисші Мелани Одинді 6:1, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайды.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vesti.kz