Зарина Диас немістің танымал теннисшісіне бір геймде де ұтылмады

О Сансызбай Корреспондент

Соңғы жарыстарында сәтті өнер көрсете алмай жүрген отандасымыз бірінші айналымда WTA рейтингінде 19-шы орында орналасқан неміс теннисшісі Сабин Лицискимен кездесті. 1 сағат 5 минутқа созылған ойында Зарина Диас қарсыласына бір геймде де жеңіске жетуіне мүмкіндік берген жоқ. Алты рет брейк-пойнтта басымдық танытып, екі сетте де 6:0, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 15-ші ракеткасы италиялық теннисші Сара Эрранимен кездеседі. Ол бірінші айналымда Агнешка Радваньсканы (Польша) жеңіп шықты. Ойын ертең өтеді.

Айта кетейік, Зарина Диас «Porsche Tennis Grand Prix» халықаралық турниріне алғаш рет қатысып отыр. 2014 жылы бұл додада ресейлік Мария Шарапова жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 

Сурет: zimbio.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама