Зарина Диас Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Еліміздің атын байрақты бәсекелерде танытып жүрген теннисші «аспан асты еліндегі» жарыстың 1/8 финалында мажар елінің спортшысы Тимеа Бабошты жеңді. Бір жарым сағатқа созылған ойында отандасымыз 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Естеріңізде болса, бірінші ойынында хорват қызы Донна Векичтен басым түскен еді.
Зарина Диас ширек финалда 8 қаңтар күні қытайлық теннисші Чжен Сайсаймен кездеседі. Ол қазіргі таңда WTA рейтингінде 97-ші сатыға жайғасқан. Ал қазақстандық теннисші болса соңғы жаңарған рейтингте 32-ші орыннан көрінген болатын. Бұл - Заринаның спорттық мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіші.
«Shenzhen Open-2015» халықаралық турнирінің жалпы жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрайды. Ал жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 111 163 доллар көлемінде сыйақы алып, одан өзге 280 рейтингтік ұпайға ие болады. Қазіргі таңда ширек финалға шыққан отандасымыз 8 934 АҚШ доллары мен 60 ұпай еншілеп үлгерді.
Сурет:shenzhenopentennis.com