Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

Шерхан Талап Корреспондент

Жерлесіміз жартылай финалдық бәсекеде ресейлік теннисші Ксения Первакты жеңді. Зарина бірінші сетте 6:1 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 3:1-ге жеткенде Кесения Первак жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша бұл турнирдің бірінші ракеткасы саналатын жиырма жастағы қазақстандық теннисші Зарина Диас ақтық сынға жолдама алды. Ресейлік теннисші Ксения Первак бұрындары Қазақстан туы астында өнер көрсеткен болатын. Зарина WTA-ның әлемдік рейтингінде 118-ші орында тұрса, Ксения 166-шы орында тұр. Бұл теннисшілер бұрын өзара кездеспеген.

Зарина Диас бұған дейін үш бірдей қытайлық теннисшіні жолда қалдырды. Алдымен Яфань Ванды 6:3, 6:3 есебімен жеңсе, екінші, үшінші айналымдарда Шилинь Сю (6:1, 6:2) мен Ван Цяннан (6:4, 1:6, 6:1) басым түсті. Зарина енді финалда жиырма төрт жастағы қытайлық теннисші Йин-Йин Дуань мен тайлық теннисші Ноппаван Лертчивакарн жұбының жеңімпазымен кордқа шығады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама