Зарина Диас жартылай финалға өтті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Жиырма жастағы қазақ қызы ширек финалда жиырма екі жастағы америкалық теннисші Мелани Одиннен 6:1, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен басым түсті. Зарина бүгінде әлемнің 86-шы ракеткасы саналса, америкалық теннисші Мелани Один WTA рейтингінде 161-ші орында келеді. Екі теннисші бұдан бұрын өзара кездесу өткізбеген.

Зарина енді жартылай финалда португалиялық теннисші Мишель Ларшер де Бритумен күш сынасады. Мишель Ларшер де Бриту WTA рейтингінде 117-ші сатыда тұр. Ол ширек финалда грекиялық теннисші Элени Данилидуді (292-ші ракетка) 3:6, 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас бірінші кезеңде австралиялық теннисші Оливия Роговскадан 6:2, 3:6, 6:0 есебімен басым түскен еді. Ал ширек финал үшін айқаста жиырма төрт жастағы ұлыбританиялық теннисші Наоми Броудиден айласын асырды. Есеп - 7:5, 3:6, 6:2. Турнирдің жалпы жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz


Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама