Зарина Диас WTA рейтингінде 33-орнын сақтап қалды

Шерхан Талап Корреспондент

Қазақстанның бірінші ракетасы бұл нәтиже арқылы өзінің спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткішіне жетіп отыр. Бұған дейін қазақстандық теннисші қыздардың ешбірі мұндай жоғары нәтиже көрсетпеген болатын. 

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да 65-сатыдағы орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева төрт сатыға төмен жылжып, 113-орынға жайғасса, Галина Воскобоева бір саты жоғарылап, 260-орынға тұрақтады.

WTA рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алған жоқ. Көш басында бұрынғыша америкалық теннисші Серена Уильямс келеді. Екінші орын ресейлік Мария Шараповаға тиесілі болса, үздік үштікті румыниялық Симона Халеп түйіндеп тұр.

Естеріңізге сала кетсек, 21 жастағы қазақ қызы Зарина Диас спорттағы жетістіктері үшін Халықаралық теннис ассоциациясының "Жыл жаңалығы" аталымына ұсынылды. Спортшыға дауыс беру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Сурет: ©Мassaget.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама