Зарина Диас "Australian Open-2014" турнирінің үшінші айналымына өтті

Шерхан Талап Корреспондент

Ол екінші кезеңде әлемнің 52-ші ракеткасы жаңа зеландиялық Марина Ераковичтен 6:4, 6:0 есебімен басым түсті. Тартысқа толы кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. 25 жастағы Эракович әлемдік рейтингте Заринадан 100 орын жоғары тұрғандығын естеріңізге сала кетеміз. Зарина қазір әлемдік рейтингте 152-орында келеді.

Зарина Диастың үшінші кезеңдегі қарсыласы әлемнің 11-ші ракеткасы румыниялық Симоне Халеп болады деп күтілуде. Кеше ғана 22 жастағы румыниялық теннисші әлемнің 50-ші ракеткасы саналатын америкалық Варвара Лепченкодан айласын асырды.

Зарина алғашқы кезеңде әлемнің 173-ші ракеткасы чехиялық Катерина Синякованы ұтқан болатын (6:2, 6:4).

Тағы бір қазақстандық теннисші Галина Воскобоева екінші айналымда әлемнің 16-ші ракеткасы испаниялық Карло Суарес Наввародан өте алмады. Алғашқы сет 7:6 есебімен испаниялық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте ширақтық танытқан жерлесіміз 6:3 есебімен жеңіске жетіп, айқын басымдылық танытты. Алайда үшінші сетте 5:2 есебімен ұтып тұрып, соңында 6:8 есебімен жол беріп қойды.

Галина Воскобоева америкалық Ваня Кингпен жұптасу сынында өнер көрсетеді. Ал Ярослава Шведова мен испаниялық Суарес Навваро жұптық бәсекенің бас жүлдесіне таласуда. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: tengrinews.kz 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама