Зарина «Australian Open» турнирін аяқтады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Жұптасып өнер көрсетуде Оңтүстік Африка елінен келген Шанель Спехерспен жұп құраған отандасымыз германиялық Юлия Гергес пен Анна-Лена Гренефельдке 6:7 (4:7), 2:6 есебімен есе жіберді. Ойын бір сағат 30 минутқа созылды.

Зарина мен Шанель «Australian Open-2015» халықаралық турнирінің бірінші кезеңінде Дарья Юрак (Хорватия) пен Меган Мултон-Леви (Ямайка) жұбына қарсы ойнап, жеңіске жеткен-ді.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина жекелей сында 1/16 финалға дейін жетіп, әлемнің екінші ракеткасы Мария Шараповадан 1:6, 1:6 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Аустралия ашық біріншілігінде қазақстандық теннисшілердің қатарынан тек Ярослава Шведова ғана қалды. Жекелей сында жарыс жолынан шығып қалған отандасымыз енді жұптасып өнер көрсетуде бақ сынайтын болады. Бұған дейін Юлия Путинцева, Михаил Кукушкини Андрей Голубев сынды теннисшілеріміз жарысты аяқтаған болатын.

 Сурет: Vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама