Занковец ұлттық құрама мен "Барыстағы" жаттықтырушылық қызметінен кетеді
Беларусь маманы қызметінен кететінін тілшілерге айтқан. Жақын уақытта еліне оралып, отбасына көңіл бөлмек екен. Дегенмен Қазақстан хоккей қауымдастығы мен "Барыс" командасы ақпаратты әлі растаған жоқ.
47 жастағы жаттықтырушы "Барыс" тізгінін қыркүйек айында ұстаған болатын. Оның келуімен елордалық клуб құрлықтық хоккей лигасындағы нәтижесін жақсартты. Плей-офф кезеңіне шығып, екінші айналымда Металлургке ұтылды.
Эдуард Занковец ұлттық құраманы 2016 жылдың соңынан бастап жаттықтыра бастады. Киевтегі әлем чемпионатына бастап барып, бес ойынның төртеуінде ұтып (біреуін овертаймда), Оңтүстік Кореяға қарсы ойында ұтылды. Элиталық дивизионға шығу мүмкіндігі өзге құрамалар арасындағы ойыннан кейін шешілетін болады.