Закир Сафиуллин жартылай финалға жетінші болып шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Закир Сафиуллин ширек финалда Қытай елінің боксшысы Гук Чол Квоннан басым түсті. Соққыларын дәл тигізе білген қазақстандық боксшының үш төреші де жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, осыған дейін жартылай финалға Василий Левит (91 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко (91 келі) шыққан болатын. Жартылай финалдық жекпе-жектер 4 қыркүйек күні өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама