27-29 шілде күндері Хорватия елінің астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңі өтеді. Халықаралық додаға әлемнің 81 елінен 557 дзюдошы қатысуға өтініш білдірген. Қазақстан құрамасынан 15 татами шебері қатысады, - деп хабарлайды дзюдо федерациясының ресми сайты. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцег те бар. Ерлер: Рустам Ибраев (60 кг)Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)Ерлан Серікжанов (66 кг)Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)Нұрлан Оразалин (73 кг)Бекжан Абдуалиев (81 кг)Қырықбай Ғалымжан (+100 кг) Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)Камшат Қарасайқызы (52 кг)Севара Нишанбаева (57 кг)Иоланта Бердибекова (63 кг)Зере Бектасқызы (70 кг)Аэлита Щербакова (70 кг)Зарина Райфова (-78 кг)Гүлжан Исанова (+78 кг)