«Ювентусқа» Чемпиондар лигасын жеңу ғана қалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ gazetta.it

Римде өткен Италия кубогының финалында «Ювентус» «Лационы» жеңді. Негізгі уақытта 1:1 есебімен тең тарқасқан ойынның тағдыры қосымша уақытта шешілді. Бірінші болып 4 минутта «Лацио» капитаны Штефан Раду есеп ашса, араға 7 минут сала «Ювентус» капитаны Джорджо Кьелини таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта туриндік клуб сапынан Алессандро Матри жеңіс голын соқты. Нәижесінде «Ювентус» өз тарихында Италия кубогын 10-шы рет иеленді. Бұл Италия футболындағы рекордтық көрсеткіш. «Лацио» болса 6 рет жеңімпаз атанған.

«Ювентус» бұл маусымда алға қойған мақсаттарын толықтай орындап келеді. Италия чемпионы және кубогының иегері атанды. Массимилиано Аллегри шәкірттерінің ендігі межесі – Чемпиондар лигасы. Еуропаның басты бәсекесінің финалына шыққан клуб «Барселонамен» чемпиондық атақты сарапқа салатын болады. Берлиндегі финал 6 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, каталондық «Барселона» да Испания кубогының финалында өнер көрсетеді. Луис Энрике баптайтын команда 30 мамыр күні финалда бильбаолық «Атлетикпен» кездеседі. 

Ұқсас жазба

Чемпиондар лигасы «Эль-Класикомен» жалғаспайды (видео)

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама