Юрий Красножан ұлттық құраманы жасақтады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан құрамасы Нидерланд пен Латвия құрамасына қарсы іріктеу кезеңіндегі соңғы ойындарын өткізеді. Осыған дейін 1 ұпай ғана жинаған қазақстандық футболшылар топта 2 ұпаймен көш соңында келеді.    Орын  Ұлттық құрама   Ойын   Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар 1  Исландия 8 6 1 1 15-3 19 2  Чехия 8 5 1 1 16-10 19 3  Түркия 8 3 3 2 11-9 12 4  Нидерланд 8 3 1 4 13-10 10 5  Латвия 8 0 4 4 4-16 4 6  Қазақстан 8 0 2 6 5-16 2

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Бойченко Сергей («Ордабасы»), Покатилов Стас («Ақтөбе»), Сидельников Андрей («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Айтбаев Берік («Атырау»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Гурман Марк («Қайрат»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»), Малый Сергей («Ордабасы»), Сүйімбаев Ғафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»), Энгель Константин («Ингольштадт», Германия);

Жартылай қорғаушылар: Гетериев Қазбек («Ертіс»), Жолшиев Бауыржан («Астана»), Досмағамбетов Тимур («Тараз»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Қонысбаев Ұлан («Қайрат»),  Қуат Исламбек («Қайрат»), Көкеев Жамбыл («Қайрат»), Мухутдинов Альмир («Тараз»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»), Смақов Самат («Ертіс»);

Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко  Сергей («Ақтөбе»), Щеткин Алексей («Астана»).

Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алған жағдайда келесі футболшылар шақырту алады: қақпашы - Плотников Владимир («Қайрат»), жартылай қорғаушы - Дарабаев Аслан («Қайрат»).

Қазақстан ұлттық құрамасы 2015 жылдың 5 қазанында Астанада жиналады. Нидерланд құрамасымен ойын 10 қазан күні 22:00-де басталады. Кейін қазақстандық футболшылар Ригаға жол тартып, 13 қазан күні Латвия құрамасымен кездеседі. Бұл ойындармен Қазақстан Ұлттық ЕУРО-2016 іріктеу турнирін аяқтайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама