Юнас Юнланд астаналық клубпен қош айтысты
Швед легионері мен «Барыс» командасының арасындағы келісім-шарттың мезгілінен бұрын тоқтатылуы екі жақты келісім арқылы жүргізілді. Швед елінің «Линчепинг» құрамасында мансабын бастаған Юнас Юнланд астаналық клуб қатарында өткен жылдың 26 сәуірінен бастап, өнер көрсетті. Ол астаналық команда сапында 49 кездесу өткізген. 25 жасар хоккейші «Барыс» сапындағы соңғы кездесуін Құрлықтық Лигада ресейлік «Металлург» командасына қарсы өткізді.
«Клуб және хоккейші екіжақты келісім арқылы шартнаманы мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім жасады. Команданың да, ойыншының да бір-біріне наразылықтары жоқ. «Барыс» басшылығы Юнасқа команда сапындағы ойындары үшін алғыс айтады және де алдағы уақытта тек сәттілік тілейді»,-делінген команданың ресми сайтында.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:prosportkz.kz