Юлия Путинцева Уимблдондағы кезекті матчында "Үлкен дулығаның" сегіз дүркін чемпионын жеңді
Юлия Путинцева екінші айналымда 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, "Үлкен дулыға" турнирінің жұптық сын бойынша сегіз дүркін жеңімпазы, чехиялық теннисші Катержина Синякованы (36 WTA) 6:0, 4:6, 6:2 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші матч кезінде бір эйс жасады және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Юлияның келесі қарсыласы Ига Швентек (1 WTA, Польша) - Петра Мартич (85 WTA, Хорватия) кездесуінің жеңімпазы болмақ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!