Юлия Путинцева Серена Уильямсты ұта алмады
21 жастағы қазақстандық теннисші бірінші сетті 7:5 есебімен жеңіп шықты. Алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын бір сетте жеңе білді. Тіпті екінші сетте қарсыласына есе жіберіп тұрып, нәтижені теңестіре білді. Дегенмен америкалық тәжірибесінің арқасында екінші сетті өз пайдасына шешті. Ал шешуші сетте отандасымыз Серенаға қарсылық таныта алмады. Бұл сетте Юлия қарсыласына 6:1 есебімен есе жіберді.
Юлия Путинцева биылғы додада сәтті өнер көрсетті деп айтуға болады. Алда жаңартылатын рейтингте әлемнің үздік 40 теннисшісінің қатарына қосылады. Сондай-ақ Риодағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар. Онымен қоса Азияның нөмірі бірінші теннисшісі атанып отыр.
Айта кетейік, Юлия Путинцева алғашқы кезеңде канадалық Александра Вознякты, одан кейін неміс теннисшісі Андреа Петковичті, үшінші кезеңде италиялық Карин Кнаппты, 1/16 финалда Карло Суарес Наварроны ұтқан болатын.