Қазақстандық теннисшіЮлия ПутинцеваФранция ашық біріншілігінің (Роллан Гаррос) жартылай финалына шыға алмады. Отандасымыз ширек финалда америкалық теннисшіМэдисон Кизгежол берді. Теннисшілер арасындағы ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Бірінші сетте 5:3 есебімен жеңіп Юлия қарсыласына тай-брейкте есе жіберіп алды. Ал екінші сет 6:4 есебімен аяқталды. Юлия Путинцева WTA рейтингінде 98-орында тұрған теннисші. Осы жарыстағы нәтижесінен кейін жоғарылайтын болады. Ал Мэдисон Киз болса бұл рейтингте 13-орында келеді. Айта кетейік, қазақстандық теннисшінің Роллан Гарростағы үздік нәтижесі осы ширек финал. Теннисші 2016 жылы да ширек финалға дейін жеткен еді.