Қазақстандық теннисшіЮлия Путинцева Франция ашық біріншілігі (Роллан Гаррос) турнирінің 1/8 финалына шықты. Доданың үшінші айналымында отандасымыз қытайлықВан Цянмен кездесіп,1:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қазақстандық теннисші0:4, ал үшінші сетте0:3 есебімен жеңіліп тұрып, жеңіске бастар жолды таба білді. Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды. WTA рейтингінде Юлия Путинцева98 сатыда тұрса, Цян 85-орында. Бұл ойыннан кейін екі теннисшілер арасындағы кездесудің жалпы есебі теңесті (1:1). Ролан Гаррос-2018 турнирінің төртінші айналымында Юлия Путинцеваның Катерина Синякова мен Барбара Стрыцова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.