Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Үлкен дулыға санатындағы Аустралия ашық чемпионатының (Austrlian Open) үшінші кезеңіне шыға алмады. Отандасымыз Мельбурнде өтіп жатқан жарыстың екінші кезеңінде румын теннісшісіне есе жіберді. Юлия Путинцева Анна Богданнан айласын асыра алмады. Бірінші сетте қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп шыққанмен, екінші сетте румын теннисшісі басым шықты. Үшінші сетті 6:3 есебімен өз пайдасына шешкен Анна Богдан үшінші кезеңге өтті. Теннисшілердің ойыны 2 сағат 6 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші бір рет эйс, төрт рет брейк-пойнт жасады. Сондай-ақ бес рет допты дұрыс асыра алмады. Румын теннисшісі болса доп асыруда төрт рет қателесті. Бес рет брейк жасады. Екі теннисші өзара алғаш рет кездесті. Australian Open турнирінің бірінші айналымында Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 68-орында тұрған америкалықХизер Уотсонды 7:5, 7:6 есебімен жеңген еді. Еске салайық, бұған дейін Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне шыққан Зарина Дияс пен Михаил Кукушкин турнирдің бірінші айналымынан аса алмаған-ды.