Қазақстанның бірінші ракеткасыЮлия ПутинцеваАустралия ашық чемпионатын (Austrlian Open) жеңіспен бастады. Юлия бірінші кезеңде британдық теннисшіХизер Уотсондыұтты. Бірінші сетте 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте 4:1 есебімен ұтылып тұрып, жеңіске бастар жолды таба білді. Нәтижесінде бұл сетте 7:6 есебімен басым түсіп, екінші кезеңге шықты. Ойын 2 сағат 18 минутқа созылды. 23 жастағы қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 54-орында орналасқан. Жекелей кездесулер бойынша 2:1 есебімен Юлия алға шықты. Юлия Путинцева екінші кезеңде румынАнна Богданменкездеседі. Ол WTA рейтингінде 111-орында тұрған теннисші. Айта кетейік, бүгін таңда қазақстандық теннисшілерМихаил КукушкинменЗарина Диясбірінші айналымда қарсыластарына есе жіберіп, жарысты аяқтаған болатын.