Юлия Галышева әлем кубогында күміс алды

Шерхан Талап Корреспондент

Бұл бәсекеде бірінші орынды америкалық Ханна Кирни еншіледі, ол 25,21 ұпай жинады. Екінші орын иеленген қазақстандық спортшының көрсеткіші – 23,96 ұпай. Жүлделі үшінші орынды канадалық Максим Дюфур-Лапуэнт (23,74) қанағат тұтты. Қазақстандық тағы бір қатысушы Дарья Рыбалова 16,19 ұпай жинап 28-ші орыннан көрінді.

Ерлер арасында канадалық Александр Билодо (24,62) жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Екінші болып тағы бір канадалық спортшы Микаэля Кингсбери (24,55) келді. Үздік үштікті ресейлік Александр Смышляев (23,80) түйіндеді. Қазақстандық спортшылар Павел Колмаков, Дмитрий Рейхерд және Дмитрий Бармашов тиісінше 10, 15, 44 орындардан көрінді. Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күні жерлесіміз Дмитрий Рейхерд төртінші болып келген еді.

Фристайлдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. Айтулы дода ағымдағы жылдың 6-23 ақпаны аралығында өтеді. Күміс жүлде еншілеген Юлия Галышева да Сочидегі олимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың бірі.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама